Мадияр Серікбаев бір бөлмелі жатаханада тұрған кезін еске алып, байлыққа жолы неден ашылғанын айтты
Мадияр Серікбаев: Бізде манеж алуға ақша болмады. Қызымызды тазикте тербеттік
Танымал актер Мадияр Серікбаев жұбайымен бірге Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында отбасылық өміріндегі келеңсіз жағдайлармен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Үйде анам бар, кішкентай туылды. Қызымыз туылғанда тазик алғанбыз, әлі бесік жоқ. Шомылдырып болған соң қарасам, анам тазик тербетіп отыр. Ішіне қызымызды жатқызып қойған. Бізде манеж алуға ақша болмады. Сол үшін баланы шомылдырып, ішін сүртіп, баланы тазикте ұйықтататынбыз, тербетіп, сабаққа жүгіріп барып келеміз. Анамыз қарап отырады. Бала жылағанда: "Мынаның қарны ашты, жылап жатыр", - деп телефон соғады. Екеуміз академиядан жүгіріп шығып, троллейбуспен келеміз. Баланы тамақтандырып, анама шай беріп, қайтадан сабаққа кетеміз. Жатақхананың бір бөлмесі ғой. Бүгінде сол тазикке тербеткен баламыз тоғызыншы сынып бітіріп, аттестат алды", - деді актер.