Экс-депутат Нұржан Әлтаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды
Антикор Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтің қолына кісен салды. Ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу құпиялығына байланысты бұдан басқа ақпарат таратқан жоқ. Істі антикор тергеп жатқанына қарағанда, Әлтев вице-министр болған кездегі қызметіне байланысты күдікке ілінуі мүмкін. Әлтаев 2017-2018 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, 2018 жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды. Кейін бұрынғы "Нұр Отан" партиясының атынан Мәжіліске депутат болып сайланды. Жаңа партия құратыны туралы мәлімдемесінен кейін, Әлтаев 2020 жылы депутат мандатынан айырылған болатын.