Әнші Абай Бегей көпшілікке жетінші баласын көрсетті
Жақында ғана жетінші мәрте әке атанған әнші Абай Бегей көпшілікке сүйіншілі жаңалығын жария етті. Ол ұлының перзентханадан шығар кездегі фотосын көрсетіп, оған қандай есім бергенін айтты, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі. "Аллаға шүкір! Ибрахим Абайұлы", - деп жазды Абай Бегей. Суреттен әншінің нәрестесін құшақтап тұрғанын байқауға болады. Айта кетейік, осыған дейін Абай Бегей көпшілікке алғаш рет жаңадан соғылған үйін көрсеткен болатын. Бес жыл бойы Алматыда пәтер жалдаған әнші екі қабатты үйінің құрылысына 100 млн теңгеден астам қаражат кеткенін жасырмады. Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында әнші Абай Бегей ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын. Ал кешірек әнші көпшілікке ұлы мен келіншегін перзентханадан шығарып алған сәтті көрсетті.