Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты
Бақыт Шадаева: Сейфуллин Жолбарысты көргім де, естігім де келмейді
Танымал әнші Бақыт Шадаева Базарlike бағдарламасына берген сұхбатында Сейфуллин Жолбарысқа ренжулі екендігін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Осы тақырып көтерілгелі бері екеуміздің арамыз мүлде жаман болып кетті. Ол жігіттің жауап берегеніне ішім ашиды. Оны көргім де, естігім де келмейді. Өйткені ер азамат жігіт болу керек қой қалай болғанда да. Дұрыс жауап беру керек қой. Әйелдің қасында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне мен одан үлкенмін. Оның бәрін ұмытып тек өзін қорғап алып жатыр. Онысы дұрыс емес. Ол іште қалған өкпе. Әрине досыңыз сіздің үйіңізді тартып алса, сіз ұмыта аласыз ба? Егер де сізге жауап бермей жоғалып кетсе, оның үстіне әрбір сұхбатында сіздің өзіңізге шабуыл жасаса. Қалай қарайсыз? Бұл дау алған үйімнің ақшасын бермегендіктен шыққан. Бұл жерде мен зардап шеккен", - дейді Шадаева. "Сіз орындап жүрген хит әндердің авторы Сейфуллин Жолбарыс болып, даудан кейін әндерді басқа әншілерге таратып бергені рас па?" деген жүргізушінің сұрағына: "Иә, солай жасап жатыр. Білгенін істей берсін. Мен ол әндерді қазір айтпаймын. Біріншіден, уақыт өтіп кетті. Ол әндерді мен кезінде орындадым. Мен көп нәрсе жасадым Сейфуллин үшін. Бауыр ретінде, дос ретінде, талант ретінде", - деді әнші.