Хакерлер Стив Джобсты неге жек көреді?
Стив Джобс 10 жыл бұрын өмірден өтсе де оның адамзат баласына жасаған жаңалығы өнертапқыштың есімін тарих бетінде алтын әріппен қалдыратыны сөзсіз. Кәсіпкердің жетістікке жету жолына бір көз жүгіртіп өтсек, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Стив Джобс 21 жасында досы Стив Возняковпен өз компаниясының іргетасын қалайды. Ол уақытқа дейін Стив колледжде оқып, кейін ол жерден Джобсты оқудан шығарады. Тіпті кәсіпкер есірткі қолданып, Индияда 7 ай тұрып рухани азық алған. Джобс Орегон штатындағы Рид колледжінде білім алды. Алғашқы курста миллионердің есінде қалғаны коллиграфия. Бұл оның кәсібінің ең алғашқы баспалдағы деп айтсақ болады. Стив те осыған баса назар аударған. Дәл сол уақытта өнертапқыш адамдарға минималистік және функционалды дизайннің керек екенін түсінді.
2011 жылы екінші айпадтың тұсау кесерінде экранға жолда бағыт-бағдар көрсететін таблода «жаңа технологиялар қиылысы және өнер» деген жазбалармен айпадты көпшілікке таныстырды. Джобс бұл іс-шарада «Apple-дің ДНК-сына бір ғана технология жеткіліксіз. Технология мен өнерді гуманитарлық ғылымдарды біріктіріп, оның нәтижесін көргенде біздің жүрегіміздің қағысы жиілейтіні анық», деді миллионер.
Айта кетейік, Джобстың образын ерекшелейтін қара жейде. Оны жапондық дизайнер Иссэй Миякэ Стивке арнап 10 данасын тігіп берген. Джобстың бұл жейдеге көңіл аударуының өз себебі бар. Ол 1980 жылы Жапонияда Sony компаниясы қызметкерлерінің жұмысқа арналған арнайы формасын көрген. Бұл өнертапқыштың көңілінен шыққан, форманы Apple-дің қызметкерлеріне ұсынған. Алайда жұмысшылармен Джобстың талғамы сәйкес келмесе керек, олар бірден бас тартқан. Бірақ оған миллионер жасымай өзі ғана қара жейде мен джинс шалбарын әр түрлі іс-шараларда киіп жүрді. Кейіннен бұл образды француз философы Мишель Фуко мен америкалық жазушы Битниковтың үстінен көпшілік байқаған.
Хакерлер Apple мен Стив Джобсты ұнатпайды. Себебі өнертапқыш жабық жүйелерді ойлап тапқан. Ол басқа адамдар кіріп, өзгертулер мен түзетулер енгізе алмайтын мінсіз құрылғыны жасап шығарды. Желідегі деректерге сүйенсек Джобс ұялы байланыс құралына apple-дің арнайы қосымшаларынан басқа қосымша орнатуға қарсы болған. Алайда оны Apple қызметкерлері райынан қайтарған.
Джобс әрдайым өзі өмірден өтіп кетсе де, компаниясының жұмысы табысты жалғасып жатқан адамдарға тәнті болатын. Дәл осылай Apple-да да болғанын қалады. Қазір оның осы мақсатына жеткеніне бүкіл әлем куә.
Айта кетейік, сатылым жағынан Apple рекорд жаңартудан жалықпауда. Әлем бойынша ең алғашқы бір миллиард долларға сатылым жасап, кейін оны жаңартып екі миллиард қаражат жинады.
Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айында белсенді айфон қолданушыларының саны 1 миллиардтқа жеткен.