"Осыдан бес жыл бұрын 50 мыңға кестіргенмін": Қарақат Әбілдина бір күнде 28 баланың тұсауын кесті
Әнші Қарақат Әбілдина бір күнде 28 баланың тұсауын кесті. Бұндай жаңалығымен әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Аллаға шүкір тұсау кесер тойымызды аман-есен атқарып алдық. 28 құлыншақтың тұсауы бір күнде кесілді. Қадамдарыңа Алланың нұры жаусын, ботақандар ! Алыстан жете алмадық ‘-деп, хабарласып жатқан көп жандарға айтарым, еш мұңаймаңыздар. Осы жолы болмаса, келесі жолы бұйырар. Ең бастысы бас аман, ниет түзу болсын, әлі талай той алда Жарқырай берiңiздер жақсы адамдар!", деп жазды Қарақат. Ал желідегі оқырмандары болса: "Осыдан бес жыл бұрын 50 мыңға кестіргем, қазір білмеймін", "Неге тегін кеспейсін, бәрін бизнеске айналдырып отырсын, тұсау кесерді атам қазақ тегін кескен ғой", "Қаршадай Дәулет Мұкаевтің өзі тегін кеседі", "Әулеттерінде, отбасыларында тұсау кесетін адам жоқ па? Бауырлары ата-аналары туғандары бар емес пе?", деп ойларын ортаға салды.