Басты жаңалықтар
Жалын шарпыған аймақтағы үш ауылдан көшірілген 50 шақты адам Семейде тұрып жатыр
- автор kyn.kz
- 11 маусым, 2023
- 536
Абай облысы білім басқармасы Озерск ауыл округінің үш елді мекенінен 50-ге жуық адам Семей қаласына эвакуацияланғанын хабарлады. Оның ішінде 1 мен 14 жас аралығындағы 13 бала бар. Барлығы қауіпсіз жерге орналастырылған, деп хабарлайды КҮН.КЗ ҚазАқпарат басылымына сілтеме жасап.
Балалар мен ата-аналар жатахана, колледж ғимараттарына орналастырылып, барлық қажетті заттармен толық қамтамасыз етілді.
Оларға кәсіби психолог көмек берді.
Бүгін бұл отбасылар үшін кинотеатр мен биологиялық орталықта әртүрлі көңіл көтеретін шаралар ұйымдастырылды.
Төтенше жағдайдан жетім және ата-анасыз қалған балалар ұйымдары, жазғы демалыс орындары зардап шеккен жоқ.
Олар барлық қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.
Абай облысының білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері және өңірдегі балалар құқықтары жөніндегі өкілі тәулік бойы кезекшілікте.
Оқиға орнында бала құқықтарын қорғау комитетінің өкілі де болған.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өңірмен байланыста, балалардың жағдайы бақылауда.
Комитет тарапынан барлық қажетті қолдау-көмек одан әрі ұйымдастырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




