Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Еске салайық, 47 жастағы А. Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.