Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды
Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы facebook парақшасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. ⠀ "Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай", - деді ол. Айта кетейік, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа "Ерен еңбегі үшін" медалі 2019 жылы берілген болатын.