Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші жігітке тұрмысқа шықты
Танымал актриса Әсел Сәдуақасова сүйіктісі Мағажанмен некесін қидырған сәтін әлеуметтік желіде жариялады, деп жазды KYN.KZ тілшісі “Міне, осылай. 13.06.2023 - отбасы құрған күніміз”, – деп жазды Әсел Сәдуақасова. Актриса мен блогер Мағжан Тілеухан АХАЖ бөлімінде заңды түрде және мұсылманша неке қидырды. Жас жұбайлардың бақытында шек жоқ. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, жылы лебіздерін арнап жатты. “Бақытты болыңдар, “Құттықтаймын! Алла бір жастықта немере шөбере арасында қартаю жазсын”, “Бақыттарың баянды болсын,Әсел қыз”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Ақ орамал әдемі жарасып тұр”, – деп ойларын ортаға салды. https://youtube.com/shorts/y-25vs-_8sI?feature=share