Зейнеп Ахметова 40 санының неге қасиетті екенін айтты
Зейнеп Ахметова қысқа-қысқа әңгімелерден, соңғы жылдары күнделігіне жазған әдемі естеліктерінен тұратын "Теңбіл тіршілік" кітабынан үзінді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Қырық саны адамның жаратылысымен байланысты. Мұны көпшілігі біле бермейді. Оның мәні мынада: Бір тамшы ұрық 40 күнде қанға, келесі 40 күнде қаннан етке айналады. 40 күн өткенде сүйек пайда болады. Тағы 40 күнде ет пен сүйекке жан бітеді. Тағы 40 күннен кейін ет пен сүйектен адамның бейнесі пайда болады. Тағы 40 күннен кейін сезім кіреді. Тағы 40 күнде бала толысады. Мұның барлығын қосқанда 280 күн болады. 280 күнің - 9ай, 9 не 10 күн. Бұл ғажап қой! Ал баланы қырқынан шығару - осы процестің соңғы түйіні.