Басты жаңалықтар

Дүркіретіп той жасап үйленген Абай Бегейді көпшілік ұнатпай қалды (фото,видео)

Тыңдарман: Әйелінің қайтқанына үш жыл толған жоқ, балалардың жүрегі қан жылап тұрған шығар

"Аспанға қараймын" әнімен бүкіл Қазақстанға танылған әнші Абай Бегей екінші рет үйленді.  Бір жылдан астам уақыт бұрын әншінің төрт баласының анасы өмірден қайтқан еді,-деп жазды KYN.KZ. Өнер жұлдыздарын түгел шақырып, үйлну тойын дүрілдетіп өткізген әншінің тойы халық арасында үлкен пікір таласқа себеп болды.

Бірі " Батсыстықтардың дәстүрімен әнші әйелінің қайтқанына үш жыл толғанда барйп үйленуі керек еді" десе, тағы бір топ "Әр адам бақытқа лайық. Әншінің ерте үйленгені дұрыс, балаларына ана керек" деп жатты. Тағы бір азаматтар әнші екінші мәрте үйленгендіктен осыншама дүркіретіп, тойлаудың қажеті жоқ екенін айтқан. Әрі келіншегінің жас, қалаберді сонша жасанып, елді өзіне қаратты деп айыптай пікір қалдырған.

Әншімен сахнада қатар танылған "Чип-чип" әнінің орындаушысы Асхат Тарғын басынан өткен осындай сындарды еске ала отырып, халықтан Абай бегейге тек бақыт тілеулерін сұрады. Абай Бегейдің отбасы Батыс Қазақстанда тұрғанымен той Алматының төрінде өтті.