Есірткіге мас күйінде полицияға бағынбаған Төреғалиға сот үкім оқыды
Төреғали Төреәлі қамауға алынды
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен көлік құралын мас күйінде басқарып, нәтижесінде көлік құралдарына зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды. «Сот 2023 жылы 14 маусымда есірткілік масаң күйде көлік жүргізіп келе жатып, патрульдік көлікті қағып кеткенін, ЖКО нәтижесінде көліктерге механикалық зақым келгені анықталды. Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, өкінді. Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған көлік құралын 7 жыл мерзімге басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», - делінген сот хабарламасында. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.