Құралай Нұрқаділова әкесінен кешірім сұрауға батылы бармағанын айтты
Құралай Нұрқаділова: Мен көп жыл көп шындықты өзімде ұстадым
Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова әкесімен арасындағы мәселелерге байланысты көп шындықты жасырып келгендігін және одан кешірім сұрауға батылы бармағанын "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Мен көп жыл көп шындықты өзімде ұстадым. Соның әсерінен ауырып қалып, психосоматикам болып кетті. Көп уақыт бойы ауа жетпей тұншығып қалатын болдым. Барлығын ішімде сақтаймын деп тіпті тілімді жұтып қойдым. 1-2 жыл бұрын емшіге барғанымда отыршы деп, салфетканы алып тілімді тартып, тіліңді жұтып қойдың деді. Мен көп нәрсені әлі айта алмай жүрмін. Қазақша да, орысша да сөйлей алмай жүрдім. 15 жыл бойы солай жүрдім", - дейді Құралай. Сонымен қатар сұхбат барысында әкесінің көзі тірі кезінде кешірім сұрағысы келгенін де жасырмады. "Әкем қайтыс болардан 2 ай бұрын маған келді. Біз сөйлестік, бірақ ол диалог емес, монолог болды. Көп сөзді папам айтты, мен айта алмадым. Папама көп сөз айтуым керек. Бірақ ол мені, менің істеп жатқан дүниелерімді көріп жатыр, қолдап жүр деп ойлаймын. Мен папаммен кездесуден кейін хабарласып кешірім сұраймын деп ойлап жүрдім. Бірақ үлгермей қалдым. Бір апта бойы кешірім сұраймын деп жүрдім, бірақ күшім жетпеді. Телефонды алып, хабарласып кешір деп айтқым келетін, бірақ айта алмадым. Өзім оны қабылдадым, кешірдім. Өтімнен тас алдырып операция жасатқанда наркоздан шыққандағы бірінші ойым папаны кешірдім және одан кешірім сұрауым керек деген болған еді",- дейді Нұрқаділова.