Меруерт Түсіпбаева ұлының әкесіне алимент төлетпей, неден ұтқанын айтты
Әнші бұрыңғы күйеуімен қарым-қатынасы қалай екенін баяндап берді
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева “Жұлдызды шаңырақта” бағдарламасында жалғыз ұлының әкесі кім екенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Қимай сені барамын”, “Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін” деген бейнебаянға түскен жігіт – ұлымның әкесі. Мен бір-ақ рет тұрмысқа шықтым. Біз ресми түрде үйленіп, заңды түрде ажырастық. 5-6 жыл бірге тұрдық. Ол кісі – Шымкент қаласының тумасы, қазір де бар, ұлымен байланысын үзген жоқ. Оның басқа отбасы бар, бірақ ұлымның іні-қарындастары жоқ. Екеуіміз ажырасқан кезде сотта “алименттен бас тартамын” деп хат жазған болатынмын. Өйткені ерлі-зайыптылар ажырасып кетіп, әкесі немесе шешесі балаға алимент төлесе, заң жүзінде қартайған шағында олар баладан өзін асырауды талап ете алады. Сол үшін балама жеңіл болсын дедім. Біз ажырасқан кезде ипотекада бір үй, бір көлік болатын. Оған көлікті бердім, өзім үйді алып қалдым. Жалғыз ұлымды біреуге, тіпті әкесіне тәуелді қылмай өсірдім. Маған қиын болған жоқ. Ұлым кішкентай кезінде мен іссапарға кетсем, үйіне алып кетіп, араласып жүрдік. Баланы көрмей кету деген болмады”, – дейді Түсіпбаева.