"Төрештің де іштен тынып жүрген сынағы бар": Әуелбекова Төреғалидың жағдайына өз пікірін айтты
Әнші: Аналар жыламасыншы, оның анасына қиын қазір
Әнші Мөлдір Әуелбекова әріптесі Төреғали Төреәліні сынап, айыптап жатқан жұртқа өз ойын айтты. Сөзінше Төреғалидың іштен тынып, елге айта алмай жүрген мәселесі көп, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі Желі қолданушысы Мөлдір Әуелбековадан "Қалай ойлайсыз, Төреғалидің жасағаны дұрыс па, бұрыс па?", - деп сұраған. Ал Мөлдір Әуелбекова оның бұл әрекетін дұрыс дей алмайтынын атап өтті. "Әрине, "дұрыс" деп айта алмаймын. Ал жалпы, Төреш, оның отбасы жақсы адамдар. Ол да бір ананың баласы. Ұл мен қыздың әкесі. Бір білерім, оның да іштен тынып, сыр білдірмей жүрген сынақтары бар. Кейбіреулер желіге ауыр сөз жазарда ойланса екен. Анасына өте ауыр ғой. Аналар жыламасыншы", - деп жазды Әуелбекова.