Әсел Сәдуақасова күйеуінен мәһрге 2023 жылғы су жаңа Gelandewagen көлігін сұраған
Танымал актриса, продюсер Әсел Сәдуақасованың күйеуі Мағжан Тілеуханов үйленуге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Кәсіпкер блогер Бейбіт Әлібековтың “Үйленген қалай екен?” деген сауалына: “Керемет. Бүгін бірінші күн, сондықтан әзірге түсініксіз сезім, дегенмен ұнап жатыр. Неке жүзігімді тағып жүрмін”, – деді ол. Сұхбат барысында Мағжан жұбайының мәһрге не сұрағанында айтты. “2023 жылғы су жаңа Gelandewagen көлігін сұрады”, – дейді кәсіпкер. https://youtube.com/shorts/au4x1uGJPKE?feature=share