Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылық өрт сөндіруші азаматтық қорғау саласындағы былыққа қатысты бар шындықтың бетін ашты

Алматылық өрт сөндіруші азаматтық қорғау саласындағы былыққа қатысты бар шындықтың бетін ашты
ашық дереккөз
Арман Өмірбаев: Алматыдағы тау сілемдеріндегі өртте қаза тапқан әріптесім де басшылардың біліксіздігінің кесірінен қайтыс болды.
Алматының №8 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушісі  Арман Өмірбаев бөлімшесіндегі бар былықты айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен, Өмірбаев Арман Нұрланұлы, Алматы қаласының №8 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушісі, азаматтық қорғаныстың аға сержанты боламын. Сізден Алматы горнизонына қатысты тиісті шешім қабылдауыңызды сұраймыз. Мен жұмыс істеген 7 жыл ішінде көптеген заң бұзушылықтар орын алды. Желіде мені оппозиционер деп ойлауы мүмкін. Жоқ, мен Отан алдындағы борышын өтеп жүрген, өз халқына қалтқысыз қызмет еткісі келетін, президент саясатына құрметпен қарайтын, оны қолдайтын азаматпын. Бірақ мен өз құзыретін білмейтін адамдар үшін, өз өмірімді тәуекелге байлағым келмейді. Олар бұл қызметке білімі мен тәжірибесінің арқасында емес, ақшасы мен таныстарының арқасында келген. Мысал ретінде менің әріптесім Арсыланды келтірейін. Жақында ғана менің әріптесім тауда басшылардың біліксіздігі кесірінен көз жұмды. Бірақ менің басшым Азат Нұрмұхамбетұлы Темірбаевқа тиіспесеңіздер екен. Ол өте жақсы адам, сондай-ақ басқарма басшысы Айдар Исабекұлына да тиіспесеңіздер екен. Жалпы департаментте тазарту жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймын, бізге білікті, өз ісін білетін мамандар керек. Керек болса басшыға лайық адамдарды да тізімін берейік. Жеке құрамның атынан халықты қорғау әрі өрттен аман алып қалу үшін, өміріміздің соңына дейін күресуге дайын екенімізді айтқым келеді. Бірақ қазіргідей басшылармен жұмыс істеуге дайын емеспіз», - деді өрт сөндіруші. Сонымен қатар өрт сөндірушінің айтуынша бұған дейін Алматыдағы тау сілемдеріндегі өртте қаза тапқан әріптесі де басшылардың біліксіздігінің кесірінен қайтыс болған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар