Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгін сағат 10.30-да Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы басталды. Күн тәртібінде өңір әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді. Барлығы екі кандидат ұсынылды. Олар – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаев және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов. Кандидаттарды мәслихаттардың 153 депутатына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов таныстырды. Дауыс беру қорытындысы бойынша: Ермек Көшербаевқа – 117, Дархан Сапановқа 36 депутат дауыс берді.