Зүлфия Сүлейменова қызметінен кету туралы сұраққа жауап берді
БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің отставкасына қатысты пікір білдірді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Қазіргі уақытта Бас прокуратура тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Осы орайда менің жұмысыма қатысты сұрақтар туындаса, біз бұл үшін жауапкершілікті алуға дайынбыз», деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысында. Сонымен қатар ведомство басшысы «Семей орманы» резерватында болған өртті уақтылы жоюға кедергі болған себептерді атады. «Абай облысындағы өртке материалдық-техникалық базаның төмендігі де әсер етті. Енді қолда бар техниканы есептен шығару керек», деді министр.