Біржан Хасанғалиев марқұм әкесінің бірінші некедегі қызымен қарым-қатынасы туралы сырымен бөлісті
Танымал әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев "Базарlike" бағдарламасына берген сұхбатында әкесінің бірінші некедегі қызы туралы бар шындықты айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Әкемнің бірінші некесінен Тоғжан есімді қызы бар. Тоғжан Хасанғалиева өнер жолында, Астанадағы мемлекеттік қуыршақ театрының басшысы. Біз жақсы араласамыз. Менің екі туған әпкем бар. Бірі – Элико, екіншісі – Тоғжан. Үшеуіміз де бауырмашылмыз”, – дейді Біржан Хасанғалиев. Сонымен қатар сұхбат барысында бақилық болған әкесінің не себепті “Еңбек Ері” атағына лайық көрмегенін түсінбейтіндігін жасырмады. “Негізі әкем “Еңбек Ері” атағына бір емес, бірнеше рет ұсынылды. Ал бұған неге лайық көрмегенін сол атақты беретін адамдардан сұрау керек. Әкем қай жағынан алып қарасаң да “Еңбек Ері” атағына лайықты адам. “Неге?” деген сұрақты мен өзіме де қоямын, халық та сұрайды. Ескендір Хасанғалиев – ұлы композитор әрі керемет әнші. Алла әкеме екі талантты бірдей берген. Өнердің екі саласында да үлкен жетістіктерге жетті. Әкемнің 70, 75 немесе 80 жылдығында мемлекет тарапынан жоғары марапат берілсе халық қуанар еді. Өкінішті нәрсе, әкем осы өкінішпен өмірден өтті. Ол туралы маған бірнеше рет айтты. “Еңбек Ері” атағын алып жатқан адамдардан менің қай жерім кем?” деген ойлар мазалағанын да жасырған емес. Осыған байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа анамыз екеуіміз хат жаздық. Бірақ әлі ешқандай жауап келген жоқ”, – деді музыкант. Сондай- ақ өзінің жұбайы туралады да айтта кетті. "Мен негізі кеш үйлендім. Болашақ жарымды көп іздедім. Ақмаржан есімді жұбайым бар. Ол медицина саласында қызмет етеді. Әйелім өзімнен 11 жас кіші. Мен үйленгенде 33 жаста, ол сол кезде 22-де болатын. Қазір үш баламыз бар. Үлкен қызым Зере 10 жаста. Кенжем Нұрискен 3 жаста, ортаншы ұлым Нұрсұлтан биыл сегізге келеді",- дейді Біржан Хасанғалиев.