Айгүл Иманбаева бұрыңғы күйеуін әкелік құқығынан айыру үшін құжат жинағанын мойындады
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева отбасылық өміріне қатысты жаңа ақпараттармен "Өмірдің өзі" бағдарламасында айтып, берді деп жазды KYN.KZ тілшісі. Бағдарлама жүргізушісі әншіден баласымен әкесінің арасындағы қарым-қатынасқа байланысты сұрақ қойды. "Маған әкем мен шешемнің және туған інімнің өмірі өз баламды әкесінен айырмауыма сабақ болды. Әйтпесе, мендегі реніштермен ұлымды әкесімен араластырмай, әкелік құқығынан айыру үшін құжат жинаған кезім болған. Сондай қадамға барғам. Сол кезде туған інім бір жағдайға тап болып, әкесін өмірі араласпаған әкесіне барған кезде, мұны өзім үшін сабақ деп қабылдадым. Баланы әкеден айыруға болмайды деген маған келген белгі. Екіншіден, анам қызғанышын білдіріп, араласқанымды іштей қаламай, әкемнің тек жаман қасиетін айтқаны маған сабақ болды. Сондықтан барыншы балама әкесін жамандамауға тырыстым. Есімде, қатты ұрысқанда "Әкең осындай" деп екі-үш рет айтқаным есімде. Бірақ, дәл анам маған кезінде айтқандай қателік жасадым деп ойламаймын. Барынша ұлымды қызғанған жоқпын. Себебі, ұлымның атасы мен әжесін әлі күнге сыйлаймын. Керісінше, тамырын байлауға тырыстым. Мен әкем мен шешемнің тағдырын қайталадым ғой. Сол ұлыма өтпесін дедім. Бір жерлерде қателік жіберіп, өтіп кеткенін білемін. Бірақ, сол тамыр қуалап кетпесе екен, балам қазір шешіп алса екен деп, әкем мен шешем жіберген қателікті жасамауға тырыстым", - деді актриса.