Ерке Есмахан: "Артынан жүгірмеймін"
Жақында шаңырақ көтерген Ерке Есмахан мен Раймның айырылысуы туралы ақпарат желіде желдей есіп жүр. Бұған қатысты Ерке инстаграмдағы сторис бөлімінде жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Бес-ақ күн Instagram-да болмап едім, неге жоқ жерден у-шу, өсек айтып, күйеуіміз екеуімізді ажырастырып тастағансыздар? Құдай сақтасын! Туысқандар, достар жайлап хабарласып, “бәрі жақсы ма?” деп сұрап жатыр. Негізі сондай жаңалықтармен өміріміз қызық. Жігіт пен қыз кезде ұрысу дегеннен бас тартпай, әкететін едім тоқтай алмай. Неке қиып, отбасы болғалы ұрысу дегенді ұмыттық. Қазір құндылық басқа. Алла тіл көзден сақтасын. Райым бұрыннан Instagram-да ешкімді оқымайды, 0 боп тұрады. Тіпті мені де оқымайды. Сосын мен де оны оқымаймын. Жігіттің артынан жүгірмеймін. Сондықтан жоқ жерден жаңалық жасап керек емес. Біздің ажырасуды армандап жүргендерге айтарымыз, біреуге бақытсыздық тілегенше, өзіңдеріңізге бақыт тілеңіздер”, – деп жазды Ерке Есмахан.