"Жауап беруі керек деп ойлаймын": Саят Медеуов абақтыда жатқан Төреғали Төрәлі туралы пікірін білдірді
Саят Медеуов: "Кім болсаң, ол бол"
Танымал әнші Саят Медеуова әріптесі Төреғалидің ісіне байланысты "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өз ойын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. “Өнерде жүргеннен кейін елге үлгі болатындай жолмен жүруіміз керек. Мейлі, кім болсаң, ол бол. Өнер адамы болған соң дұрыс жүру керек деп ойлаймын. Иә, майда-шүйде қателіктер болып жатады. Жаман сөз айтып қоюы мүмкін, ішіп отырған, қыдырып жүрген жерінен видеоға түсіп қалуы мүмкін. Жарайды, ондай нәрселерге кешіріммен қарауға болады. Бірақ бұл жерде қателік болды, несін жасырамыз? Оны жақтап жатқан өнер адамдары бар. Меніңше, біз әр нәрсені байыппен қарауымыз керек. Сол іспен айналысып отырған тиісті мамандар бар. Солар шешіп, сол адамдар жауап беруі керек деп ойлаймын. Мен бір нәрсені кесіп айтудан аулақпын”, – деп әнші ойын аяқтады.