Қазақ эстрада жұлдыздары бюджеттен қанша қаламақы алады
Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрық жобасының біріне қосымша берілген құжатта Қазақстанның белгілі әншілеріне төленетін қаламақы мөлшері көрсетілген, деп жазды KYN.KZ тілшісі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Әншілердің қаламақысы жайлы деректер «Қазақстан Республикасы мен шет елдерде өткізіліп, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды қаржыландыру ережесі мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16-ақпандағы №51 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі бұйрығының жобасына қосымша берілген кестеде ұсынылған. Мәселен форматына қарай осы санатқа Қазақстан Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі атақтары бар бірнеше өнер иесін бір мезгілде қосуға болады (мысалы: Әлібек Дінішев 5 000 000, Роза Рымбаева 5 000 000 теңге, Айман Мұсаходжаева 5 000 000 теңге, Нұржамал Үсенбаева 2 000 000 теңге, тағы басқалар). Өткізілген іс-шараларды талдай келе, осы санаттағы әртістердің қатысуын қамтамасыз ету қызметтері үшін нақты көрсетілген қызметтердің құны жоба бюджетінің 25% және одан да көп болуы мүмкін, бұл пайыздық қатынастан асып түседі. Осылайша, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы тармақты стандарт бойынша жалпы соманың 10%-ға дейін орындау мүмкін емес, осыған байланысты, осы стандартты жобаның жалпы сомасының 25%-ына дейін арттыруды сұраймыз», - делінген құжатта. Кестеде өзге де әншілер мен жүргізушілердің қаламақысы көрсетілген: - Димаш Кудайберген – 10 млн теңге және одан жоғары; - Майра Мұхамедқызы – 3 млн теңге; - Әлішер Кәрімрв – 1,5 млн теңге; - Асылбек Еңсепов – 1,3 млн теңгеден жоғары; - Алтынай Жорабаева – 1,5 млн теңгеден жоғары; - Нұрлан Абдуллин – 1 млн теңгеден жоғары; - Жанар Доғалова – 1,5 млн теңгеден жоғары; - Айгүл Үлкенбаева – 700 мың теңге.; - Тамара Асар – 1,2 млн теңге; - Мария Мудряк – 5,5 млн теңге; - Мирас Жүгінісов – 5,5 млн теңге; - Райм (Райымбек Бақтыгереев) – 2,5 млн теңгеден жоғары; - Koba (Қобыланды Болат) – 2 млн теңгеден жоғары; - Дастан Оразбеков – 1,5 млн теңгеден жоғары; - Әли Оқапов – 2,5 млн теңгеден жоғары; - Тұрар – 1-3 млн теңге; - Әділ Ахметов – 500 мың теңге; - Берік Айтжанов – 1,3 млн теңгеден жоғары; - Азамат Сатыбалды – 1,3 млн теңгеден жоғары; - Сырым Қашқабаев – 500 мың теңгеден жоғары. Көп ұзамай Мәдениет министрлігі әншілердің миллиондап қаламақы алатынын жоққа шығарды. «Ашық НҚА» порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Айта кетейік, әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттерге белсенді атсалысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізуге жұмсалатын шығындарды ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ", - делінген хабарламада.