"Керісінше Асылжан мен әкесі аралассын деп мен айтып едім ғой":Жорабаева Иманбаеваға жауап берді
Алтынай Жорабаева: Сәбит туралы Айгүл туралы айтатын болсам сорақы әңгімелер көп қой
Танымал әнші Алтынай Жорабаева Айгүл Иманбаеваның сұхбатындағы "Ұлым "Алтынай тәте жақтырмайды" деп жылап келсе де, әкесімен араластырдым" деген сөзіне қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді деп жазды, KYN.KZ тілшісі. "Өткенмен өмір сүру , қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Өткенді езе бергеннен жан тыныштық таба ма? Айналаңа қарап, шүкір етуден тұрмай ма, бұл өмірдің рахаты ?! Айгүл Иманбаеваның сұхбатын маған жібере берген соң , осы жерге жазуды жөн көрдім . Себебі, көбі сол сөзге сеніп отыр. Мына нәрсе түсінбеймін… Егер Айгүлдің , ұлы Асылжанның реніші болса, неге оны Сәбит, Айгүл, Асылжан үшеуі отырып әңгімелесіп шешпейді? Міндетті түрде фильм түсіру керек пе? Мақсат не? Әлде, осылай хайп жасау арқылы қаралым жинаймыз деп ойлады ма екен? Бір концертте Айгүлдің: "Кел Жорабаева бірге фото салып қояйық , жұртқа азық болсын” дегенде таңғалғанмын . Иманбаеваның: “ Алтынай тәте жақтырмайды, деп жылап келетін” деген әңгіме басқаша болған. Осы нәрсені маған да Айгүл айтқанда, таңғалып , “Мүмкін емес, керісінше , Асылжан мен әкесі аралассын деп мен айтып едім ғой. Сендер екі жақтан қарсы болдыңдар ашуға салынып “, дедім. Керісінше мен анамын ғой , олай болуы мүмкін емес дегенде, Айгүл маған Асылжан әкесін қызғанатынын айтқан болатын . Кейін мен Асылжанның өзіне айттым : "Асёка мен сені жақтырмайтын мінез көрсеттім бе дегенде, жоооқ оны қайдан естідіңіз дегенде, мамаң айтты деп едім. Мен ондай нәрсе айтпадым", деді . Сонда кім өтірік айтып отыр? Негізі, Сәбит туралы, Айгүл туралы айтатын болсам, сорақы әңгімелер көп қой . Оны елге жариялап керегі қанша ? Өткен іс өтті . Өткенді езгеннен ештеңе шықпайды. Солай болу керек , хайырлысы деп қабылдаймын… Өмір тамаша ғой", - деп жазды әнші.