"Бұрынғы әйелі тұрмысқа шыққан":Қарағанды тұрғыны көпірден секіріп өлмек болды
Қрағанды тұрғыны бұрын ажырасқан әйелінің тұрмысқа шығып кеткенін естіп, секіріп өлмекші болды. Оны сол маңнан өтіп баражатқандар байқап, өлімнен құтқарған. 25 маусымда сағат 21:30-да белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына тапсырған. Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады. Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған.