Басты жаңалықтар

"Сен – келін, мен – ене" деп санасып отырмаймын: Лидия Кәденова келінімен арасындағы қарым-қатынасы туралы айтты

Лидия Кәденова: Қатып қалған қағидалар­мен өмір сүрмеймін

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденова келінімен арасындағы қарым-қатынасы туралы "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Қатып қалған қағидалар­мен өмір сүрмеймін. Еркіндікті сү­йемін. Қолымнан келгенше ке­лініме қолғабыс етуге тырысамын. "Сен – келін, мен – ене" деп санасып отырмаймын. Жағда­йым ке­ліп тұрса, немерелерімді де ­ба­ғып, шайымды да өзім құйып іше берем. Қазақ "Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті" деп бекер айтпаса керек. Дидарым­нан көр­ген қызығым – Дияр мен Дәлилә ат­ты қос немерем бүгін­де бар өмірі­мнің мәні. Бар тіле­рім – балаларымның амандығы. Солардың қызығын көрсем деп Алладан ұзақ өмір тілеймін. Өйт­кені, Дидарым – жалғыз. Сол жалғызымды жалғыз өзім жү­ріп жеткіздім. Енді ұлымның қуа­нышына куә болып, қасында ұза­ғырақ жүре тұрсам деген үлкен арманым бар. Алладан жалғыз-ақ тілерім – осы", - деді актриса. Сонымен қатар актриса сұхбат барысында келініне қолынан келгенше көмектесуге тырысатынын жасырмады. Естеріңізге сала кетейік Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден танымал блогермен шаңырақ көтеріп, некесі сәтсіз аяқталған. Дидардың Алғашқы некесінен ұлы бар. 2021 жылы ол екінші рет  отбасын құрған еді.