Басты жаңалықтар

Мұхтар Ниязов: Жүрсін ағаның көзіне қарасам еңкілдеп жылайбердім

Ақын: Жылағанымды елге білдірмес үшін " Неге бас бәйгені Шұғайып алды?" деп айтасалдым

"Алтын  домбыра" иегері Мұхтар Ниязов Қызылжар жерінде өткен ақындар айтысында Жүрсін Ерманның ауыр дерттен жүдеген түрін көрген сайын, көзінен жасы тоқтамай қойғанын айтады. Сөзінше  жасындай жарқылдап жүрген айтыс өнерінің демеушісі осындай халге түскенін сырттай бақылап, өзін ұстауға күші жетпеген. тіпті  көз жасын тыя алмастан топтың арқасына тығылып, Жүрсін ақынның жанына келуге жүрегі дауламаған. Қорқынышы елдің алдында өзін ұстай алмай жылап жіберемін деп ойлаған. Бұл туралы КҮН.КЗ тілшісі ақынның желідегі парақшасына сілтеме жасап жазды. " Жүрсін ағаның күндей күркіреп, жасындай жарқылдап жүрген сәттерін ғана көрген соң, ауырып қалғалы көзіне көзім түсіп кетсе, көңілім босап қоя береді. Кешегі Қызылжардағы айтысқа сау адамның жетуі оңай болған жоқ, жердің мойыны алыс қой. Екі күн өте жақсы айтыс өтті. Шұғайып інім бас жүлде алды. Ерекше қуандық. Ақындығы да, адамдығы да ерекше жігіт. Басқа ақындарды да құттықтаймын. Айтыстан кейін көптен сағынсып жолыққан соң Жүрсін ағаға барып, әбден құшақтап, сосын қанша адамның көзінше жылап толқып тұрғаным ұят болар деп, оңаша шығып кеттім. Ет пен сүйектен жаралған әлсіз пендеміз ғой, өмірдің бар шындығын білсек те толық мойындауға сабырымыз жетпей жатады. Содан көзімнің жасын сүртіп, өзімді енді ретке келтіріп жатсам, Рүстем құрдасым жетіп келіп: "Не боп қалды, Мұха?", - дейді. Сол жыламсырған күйі Русяға қарап: "Бас бәйгені Шұғайып алып кетті ғой, Руся, мен не істеймін, не жаздым соншама?", - деп құшақтап алғанмын. Ол досым да менің көңілімді аулап жүреді ғой өмір бойы, жұбатып әлек боп жатыр. Мен "еңкілдеп жылап", сылқылдап күліп жатырмын", - деп жазды ақын.