Құрбандыққа шалынған малдың еті қалай үлестіріледі
Құрбан айт кезінде құрбандыққа шалынған малдың етін қалай үлестіреміз ? Бұл сұрақтың жауабын, KYN.KZ сайтынан оқи аласыз. Құрбанның еті үш бөлікке бөлінеді. Бір бөлігін отбасына, екінші бөлігін туыс-туғандарына, жора-жолдастарына, үшінші бөлігін кембағалдарға тарату – мұстахап. Құрбандықтың етін үлестіру жайлы Ибн Аббас (р.а.) былай деп риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шалғант құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын». Құранда: «Сонда қашан олардың (малдың) жамбасы жерге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтаждарға да, мұқтаж емеске де жегізіңдер. Шүкір етулерің үшін осылайша малды еріктеріңе бердік», – десе, енді бір аятта:َ «(Құрбан шалсын) одан өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де жегізіңдер», – деген.