Басты жаңалықтар

Үш баласын аса қатігездікпен өлтірген ақтаулық әкеге сот үкім шығарды

Сотта қаскөй әкенің өз балаларын өлтіру үшін пышақ, балтаны алдын ала дайындағаны айтылды

Ақтауда 3 баласын асқан қатыгездікпен өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп  жазды KYN.KZ тілшісі. Сотталушы балтамен және ас үй пышағымен қаруланып, үйге қасақана келіп, үш жас баласын қатігездікпен өлтірген. Оның кінәсі қылмыс жасауда жәбірленушінің, сотталушының өзінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Сотталушы кінәсін мойындаған. «Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған кәмелетке толмаған балалармен қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды» делінген баспасөз мәліметінде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.