Илья Ильин қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты ойын айтты
Қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдіріп, отбасына көңіл айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Өзімнің және отбасымның атынан Володяның отбасына, туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. 2014 жылы Володя менің командамда әлем чемпионатында өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Сол жеңісінің арқасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алдым. Бұл үшін мен оған әрқашан алғысымды білдіремін. Өкінішке орай, соңғы жылдары жолымыз екіге бөлініп кетті, бірақ мен оны спортшы ретінде де, мықты тұлға ретінде де құрмет тұтамын. Володя жоғары деңгейдегі кәсіпқой спортшы, ақылды, талантты еді, бапкер ретінде көптеген зілтеміршілер мен чемпиондарды тәрбиелеуі мүмкін еді, бірақ тағдыры басқаша болды. Орны толмас қаза орын алды», — деп жазды Илья Ильин.