Ақбота Керімбекованың ұлы алғаш рет әкесіз өскеннің қиын екенін айтып, ішіндегі сырымен бөлісті
Танымал әнші Ақбота Керімбекованың ұлы Біржан алғаш рет әкесіз өскеннің қиын екенін айтып, "Өмірдің өзі" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазды KYN.KZ "Өтпелі кезеңде мектепте көрші сыныптың баласымен қақтығысып қалдым. Екеуіміз сөзге келіспей қалдық. Сабақ біткеннен кейін сол бала "Жүрші, сөйлесейік" деп мені шақырып алды. Мені бір көлікке алып барды. Көлікке мінсем, әкесі отыр екен. Ол кісі "Есімің кім" деп сұрап, "Бәріміз қазақтың баласымыз. Ұрыспай жүріңдер" деп өз ақылын айтты. Сол кезде мен толыққанды отбасыда өсу мен әкесіз өсудің айырмашылығын түсіндім. Егер менің әкем жанымда болғанда, мен де әкеме осы оқиғаны айтатын едім. Ол да маған өз ақылын айтатын еді. Ол жігіт қазір досым. Сол сөздерді мен досымның әкесінен естідім. Сол сөздерді естігеннен кейін ой үстінде жүрдім", - деді Біржан. Сонымен қатар сұхбат барысында Біржан ата-анасын қандай жағдай болса да қабылдайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың ұлы Біржан әйелімен дәм тұздары жараспай айырылысып кеткен еді. Бұл некесінен Біржанның бір қызы бар.