LRT бағанына соғылған жүргізуші қайтыс болды
LRT бағанына соғылған жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Полиция департаментіне сілтеме жасап. «29 маусым күні сағат 06.04 шамасында «Chevrolet Malibu» көлігі Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, «Арыс» көпірінде рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан бетон бағанға соғылды. 43 жастағы жүргізуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген ПД мәліметінде.