"Істі сот шешеді, мен мұнда мүлдем кінәлі емеспін": Дәулет Мұқаев жарнамалаған пәтердің сапасына тұрғындар шағымдануда
Жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелері үйдің тым сапасыз салынғанына шағымданып депутаттан бұл мәселеге қатысты жауап беруді сұрады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Bai-Tursyn және View Park Family тұрғын үй кешендерінің тұрғындары үйдің бастапқы жоба бойынша салынбағанына наразылықтарын айтуда. Сонымен қатар олар пайдалануға беру актілерінде коммуналдық қызметкерлердің қолдары мен мөрлері жалған болғанын ескерген.