Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қазақстан Барысы-2023" турнирінің жеңімпазы анықталды

"Қазақстан Барысы-2023" турнирінің жеңімпазы анықталды
ашық дереккөз
Армия спортшысы "Қазақстан барысы – 2023" атағын иеленді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспсөз қызметі.
Астанада қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы – 2023" ХІІ республикалық турнирі аяқталды. Балуандар белдесуінің чемпионы атағын қорғаныс министрлігі спорт комитеті – орталық спорт клубының мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Ғалымжан Қырықбай иеленді.
Астана күніне орай өткен "Қазақстан барысы-2023" турнирінің финалына Маңғыстау барысы Нұрдәулет Жарылғапов пен "Әскер барысы" Ғалымжан Қырықбай шыққан еді.
Белдесу нәтижесі бойынша Ғалымжан Қырықбай жеңімпаз атанып, "Алтын белбеу" мен 25 миллион теңгені жеңіп алды.
Ал Нұрдәулет Жарылғапов турнирдің күміс жүлдесіне ие болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар