Басты жаңалықтар

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді

Видеодан әнші Әмренің қонақ болып, ән шырқағанын көруге болады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Танымал зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай шаңырақ көтерді. Желі қолданушылары әншіге  жылы лебіздерін арнауда. Кенжебек Нұрдолдай Ақмола облысында дүниеге келген. Музыканттың көзі туғанынан көрмейді. Ол жеті жасынан бастап көру қабілетінде ақауы бар балаларға арналған қарағандылық интернатта тәрбиеленіп, сол жерден музыканы үйренген. Кенжебек алғаш рет үлкен сахнаға 13 жасында шыққан. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Жұлдызай" фестивалінде өнер көрсеткен. Ол өз әлемін музыка арқылы көреді. Жыл сайын өз тыңдармандарын әр түрлі туындыларымен қуантуда. Айта кетейік әнші, әрі музыкант қалың көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған.