"Екі жасөспірім мен сиырды қаққан":Депутат және Amanat филиалының басшысы жол апатына себепші болды
Қарағанды облысында Amanat партиясы филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты жол апатына ұшырады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ақпаратты Amanat партиясы Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі растады.
Анара Бозаеваның көлік жүргізу тәжірибесі көп екені хабарланды. "Айта кетейік, ол қазір еңбек демалысында. Қарағанды облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, нәтижесінде барлық кінәлілер заңда белгіленген тәртіппен жазаланады", - деді Amanat партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі өкілдері. Айта кетейік, Ekaraganda мәліметінше, жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан малды басып кеткен. Осыдан кейін рөлді тізгіндей алмай қалған ол 8 және 16 жастағы кәмелетке толмаған екі бала мінген мотоциклмен соқтығысқан. "Оқиға салдарынан жасөспірімдер әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факт полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Толық және объективті соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.