Басты жаңалықтар
"Әкесі кім, шешесі кім екеніне қарамаймыз": Қарашөкеев Даниал Ахметовтің субсидия алған қызы жайлы
- автор kyn.kz
- 4 шілде, 2023
- 558

Үкімет кулуарында тілшілер ауыл шаруашылығы министрінен Павлодар облысында ШҚО-ның экс-әкімі Даниал Ахметовтің қызына мемлекеттен субсидия берілуі қаншалықты заңды екенін сұрады, деп хабарлайды КҮН.КЗ тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарашөкеев журналистердің сауалына жауап бере отырып оның ведомствосы субсидияларды бөлу кезінде өтініш берушінің тұлғасына, тегіне назар аудармайтынын айтты.
"Олардың барлығы ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер. Олар өз жерлерін, қанша малы барын көрсетеді. Жүйе объективті түрде қарайды. Егер ақша бөлуге негіз болса – бөлінеді. Егер шарттарға сай келмесе – күту тізіміне енгізіледі. Бізге кімнің қызы екені маңызды емес. Біздің жүйе қаржы бөлу кезінде әкесі кім, қаржылық жағдайы қандай екенін көрмейді", - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы төмендеген
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2025
Басты жаңалықтар
Семейде заманауи жабдықталған үш полиция бекеті ашылды
- авторkyn.kz
- 14 қыркүйек, 2025