Жазира Байырбекова енесінің өзіне не үшін қатал қарағанын айтты
Жазира Байырбекова: Маған қатал болуына себепте көп
Танымал эстарада жұлдызы Жазира Байырбекова "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында енесімен арасындағы қарым-қатынас туралы бар шындықты айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Екеуіміздің де отбасымыз қарапайым еді. Ол кезде өмір сүру, өмірдің рахатын көру деген түсінік болмады. Адамдар жан бақты. Ол замандар күн көріп, тамағын тауып жейтін заман болды. Материалдық жағдайы жақсы отбасылар сирек кездесетін. Енем мүмкін бізді жақсы отбасы болып кету үшін қатал тәрбиеде ұстаған болар. Мен келін болып түспей тұрып үш жыл бұрын қайын атам өмірден өтіпті. “Шал өмірден кетті. Мен бұларға бас-көз болуым керек” деп ойлаған шығар. Менің алдымда бір келін түсіп, ол кетіп қалыпты. Мүмкін, мені де сондай қыздардың бірі деп ойлап қалған болар. Әйтеуір мұның бір себептері болған шығар. Мен өзім Шымкент облысының қызымын. Шымкенттіктер десе қорқатын заман болған, қазір де солай. Қазір ойласам, маған қатал болуына себеп көп болыпты”, – дейді әнші. Сонымен қатар әнші сұхбат барысында қазіргі енесімен ара-қатынасы туралы да тілге тиек етті. “Қазір енемнің мені шын көңілімен жақсы көретінін, маған тілекші екенін білемін. Ол кісі келіндерін көп мақтай бермейді. Бірақ маған: “Сен – Алланың маған берген бағысың” деді. Қазір осындай жылы сөздерін айтып тұрады. Өткеннің барлығы өмірге сабақ. Кейбір нәрсе білместіктен жасалса, кейде жақсылықтың жолында жасалады. Қазіргі келіндерді бұрынғылардың қалыбына сала алмаймыз. Мен өзімнің келін болып түскендегі хәлімді өөз келінім көрмесе екен деймін. Өйткені ол - болашақ балалардың анасы. Немерелерінің, болашақ ұрпақтарының дені сау болсын десе, оның анасының дені сау болу керек, келіндердің көңіліне қаяу салмауымыз қажет. Әр түрлі жағдайлар болады, қатып қалған ереже жоқ. Мінезге байланысты түрлі жағдайлар болады, кейбірінің болмысы басқа болады”, – деп түйіндеді Байырбекова.