Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат қамауға алынды
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат 15 тәулікке қамауға алынды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әскери бөлім бастығының белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындаудан ашық бас тарту – әкімшілік құқық бұзушылық жасаған қатардағы Нұрасыл Болатқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот 2 шілдеде әскери бөлімнің әскери қызметкері қатардағы жауынгер Нұрасыл Болаттың Алматы гарнизоны гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне баруға міндетті болғанын анықтады.
Сот Нұрасыл Болатты ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.