Басты жаңалықтар
Айжұлдыз Адайбекованың бұрыңғы күйеуі жылына 200 млн табыс табатынын айтты
- автор kyn.kz
- 5 шілде, 2023
- 743
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекованың бұрыңғы жұбайы Қыран Талапбек Нартай Аралбайұлының Youtube арнасына берген сұхбатында өзінің табысы туралы айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Бізде командада дәл қазір бес адам жұмыс істейді. Тағы аутсорсингте, яғни үйде отырып жұмыс істейтін, біз жалақы төйлейтін 30 адам бар. Жалпы 30-35 адам жұмыс істейді. Бізді жылдық табыс деген нәрсе жоқ. Өйткені, компания бірнеше жерде бар, Қазақстанда және шетелдік компанияларды. Біз фрилансер түсінігіндеміз. Кейде жылдық табысымыз кейде 100-150 млн болса, кейде 20 млн болуы мүмкін. Кейде 200 млн болса, кейде 5 млн болуы мүмкін. Сенде тапсырыс болса, істейсің. Бізде үнемі тапсырыс бар. Бірақ біз көбіне шетелдік компаниялармен жұмыс істейміз", - деді Қыран Талапбек.