"Елбасына да ауыр сөз айтты": Рүстем Қайыртай Зайтовтың депутат болуына қатысты пікірін айтты
Рүстем Қайыртай: Сырттай тоқтаусыз елдің кемшілігін айтты, енді ішіне түсіп өзі өзгерткенін күтеміз
Ринат Зайтовтың депутат мандатын алуына қатысты әріптесі айтыстағы байыры Рүстем Қайыртайұлы пікір білдірді. Ол Ринаттың айтыс алаңына шыққалы саяси мандатты көздегенін тілге тиек етті. Сөзінше о бастағы жоспары да осы болған, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі базарLike сұхбатына сілтеме жасап. "Өзімнің қолымнан ондай келмейді. Мен енді шығармашылықтың адамымын. Ал Ринат айтыста танылғаннан бастап билікті, жоғары лауазымды елбасының өзіне де ауыр сөздер айтып, саяси дүниелерді көп айтатын. Мемлекеттің кемшіліктерін, жемқорлықты, бюрократизмді Ринат көп айтатын. Барғаны дұрыс деп есептеймін. Өзі сыртынан айтып көрді. Ішіне барды. Өзгерте алса, қанекей? Мен жалпы қуандым. Ринат жолын тауып, депутаттыққа барды. Мен өзім жүз пайыз қолдаймын. Ринаттың аузынан шығатын сөздерің бәрі "халқым-ай", "қазағым-ай", "жұртым-ай" еді. Енді сол жұртына, халқына жәрдемдесе алатын үлкен тізгін қолына тиді. Ринаттың депутаттығынан қандай із қалатынын білмеймін. Бірақ соған тырысқан азамат ретінде, өзі сынаған адам ретінде билікке барса, жақсылықтарға атсалысады деп өз басым сенемін", - деді Рүстем Қайыртайұлы.