Жамбылдық аспаз кездейсоқ ХҚКО-дан анықтама алып, өзінің бай екенін, бірақ қайтыс болғанын білді
Жамбыл облысында қатардағы аспаз бір түнде бай ханым болып шыға келген. Әйел кездейсоқ оның екі үлкен үйі, бір гектар жері, қосалқы шаруашылықтары және тіпті жеке қазандығы бар екенін білді. 20 жыл бойы жалдамалы пәтерде тұрып келген ол тіпті қуанбады. Белгілі болғандай, барлық мүлік таратылып, сатылып кеткен. Ал өзі құжаттарға сәйкес өлі болып шыққан. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілеме жасап хабарлайды. 53 жастағы Любовь Крылова өзінің сансыз байлығы мен кенеттен қайтыс болғаны туралы кездейсоқ білді. Ол тек ХҚКО-дан жылжымайтын мүлік туралы анықтама алғанын айтады. Алты айдан бері әйел кімнің мұрагері екенін және оны кім жерлегенін анықтай алмай жүр.
Әйел 20 жылдан бері тұрғын үйге кезекке тұруға тырысқанымен, бірақ оған үнемі әкімдіктегілер бас тартып келген. Енді неге екені белгілі болды. Құжаттар бойынша барлық жылжымайтын мүлік Тараздан 20 шақырым жерде орналасқан. Крылова ақыры өзі иелік еткен дүниелерге барып көруді шешті. Бірақ ең бастысы жауапты тұлғалардан не болып жатқанын сұрадық.
Шенеуніктер 25 жыл бұрын базаға қателіктер жіберілгенін мойындады. Мұраны оның аттасы алған. Кейін ол қайтыс болып, мүлік сатылып кеткен. Бірақ біздің кейіпкеріміздің бұған ешқандай қатысы жоқ.
Қате түзетілді. Бірақ Любовь Николаевна өзін алаяқтардың құрбаны болдым деп санайды. Өйткені, оған сол ауданда жері бар тағы бір үй жазылған. Бірақ бұл мүлік өмірде нақты жоқ екені белгілі болды.