"Балалар қараусыз өздері жүрген": Астанада балабақша тәрбиешілері есін білместей мас күйде жұмыста жүрген
Полиция екі тәрбиешіні бірден ауруханаға жеткізді
фото:Орал балабақшасындағы мас тәрбиеші
Әлеуметтік желілерде Астанадағы балаларға арналған шағын орталықтардың бірінде мекеме басшысы мен тәрбиеші мас жүргені жөнінде ақпарат тарады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Жазбада олардың ауруханаға жатқызылғаны (мас күйде) айтылған. Балалар ата-анасына тапсырылды. Елорда полицейлері бұл ақпаратқа түсініктеме берді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.