Басты жаңалықтар

"Талмай еңбек ету керек". Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тағы өмірі туралы айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тағы өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі  Massaget.kz. сайтына сілтеме жасап. Спортшының айтуынша, ол Майамиге көктемгі демалыс маусымында, баға шарықтап, жалдамалы баспана табу қиын болған кезде келген. Екі бөлмелі пәтерді жалдау үшін ол айына 6000 доллар төлеген. Ол тұрғын үй бағасының қымбат екеніне қарамастан, қауіпсіз аймақты арнайы таңдаған, өйткені отбасының қауіпсіздігі бірінші орында болды.

Қазақстандық спортшы Америкада қалар ма еді деген сұраққа да жауап берді.

Жұмағұловтың айтуынша, АҚШ-та әйелі мен екі баласы бар адамға жайлы өмір сүру үшін айына кемінде 10 мың доллар табыс табу керек.