"Адам емес айуан": Қызды аяусыз ұрып жезөкшелікке салмақшы болған
Әлеуметтік желіде қыз баланы жалдамалы пәтерлердің бірінде аяусыз ұрған, видео тарады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі соққыға жығылып, қорлық көрген қыздың бейнежазбасын желіге жүктеді. Ал соққыға жығылған қыз кешірім сұрап әлек. Оқиға Алматыдағы Абылай хан көшесінің бойында тәулікке жалға берілетін үйлердің бірінде болған. Қордың мәліметінше, қалаға арман қуып, жұмыс істеуге келген жас қызды құрбысының таныстары алдап шақырып, артынша соққыға жығып, қинап, жезөкшелікке итермелеген. Ал бойжеткен ондай теріс жолға түскеннен, өлім артық деп үшінші қабаттан секіріп кеткен. Абырой болғанда, аман қалды. Желі қолданушылары: "Адам емес айуан", "Мына қыздарда жүрек бар ма өзі?", "Осындайларды жазалап түрмеге жабу керек",- деп ойларын ортаға салып жатты. https://youtube.com/shorts/9p85F6unp3s?feature=share