Әлем чемпионатының жүлдегері Ләззат Бақтиярова қайтыс болды
Семейде Сурдолимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова мезгілсіз дүниеден озды. Семейлік қыз есту қабілеті нашар спортшы ретінде түрлі әлемдік турнирлер мен дзюдо чемпионатында еліміздің намысын қорғаған болатын. Ол әлем чемпионатының, XXIV жазғы сурдолимпиада ойындарының және бірінші Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері атанды.
Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Айта кетейік, бұған дейін 9 маусымда қала әкімі спортшыға тұрғын үй қорынан "Қарағайлы" ықшамауданында орналасқан жаңа пәтердің кілтін табыстаған болатын.