Басты жаңалықтар
Астанада спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 11 шілде, 2023
- 662
Олар бюджет қаражатын оңды-солды шашқан болып есеп беріп, өздері жымқырды деген күдікке ілінді
Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының" лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, аталған факті бойынша агенттіктің елордалық департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы ақша жымқырылған.
Іс жүзінде жұмсалған ақшадан қалған қаражатты дирекцияның басшылығы алып отырған.
Заңсыз әрекеттерден мемлекетке 70 млн теңге шығын келтірілген.
Сонымен қатар, мекеме басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
Дирекция бастығы қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026
Басты жаңалықтар
Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын жеке компанияға тапсыра алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026




