Айтысқа көрермен ретінде келген Жүрсін Ерман сөз сөйлеп тұрып жылап қалды (видео)
Ақынның арбадағы жүдеген халін көргендер де еріксіз көздеріне жас алды
Ақын әрі айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман соңғы бірнеше жылын денсаулығына арнап, тіпті шетелде ем қабылдағанын қалың қазақ біледі. Бүгінде ауыр оталарды басынан өткізіп, әдетте айтысты ұйымдастырып жүрген еңселі тұлғаның жүдеген кейпі көпшіліктің көңілін түсіргені айтылуда. Ақындар айтысында қонақтар қатарында көрермен болып отырған ақынның осыған дейінгі айтыс өнеріне сіңірген еңбегі ескеріліп, сөз берілген сәтте көзіне жас үйірілді. Жүрсін Ерманның жүдеңкі, небәрі бір жылда арықтап арбада отырғанын көргендер де көздеріне жас алған. Көпшілік оған денсаулық тілеп, рухани, психологиялық қолдау көрсетуге тырысып жатқандарын жазған.